2015 жылдан бері осы уақытқа дейін бақылау режимін жүргізу кезінде 4,5 млн. вагон тексерілді - ҚТЖ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың он айында былтырғы жылға қарағанда теміржол көлігінде жол қауіпсіздік ережелерін бұзу 14 пайызға төмендеген, деп хабарлады «ҚТЖ» баспасөз қызметінен.
Қозғалыс қауіпсіздігі Департаментінің бас менеджері Әбдіғани Көрғұлы атап өткендей, «бұған тасымалдар шаруашылығында бұл көрсеткішке станция кезекшілері мен локомотив бригадалары арасында келіссөздерді жүргізу уақытын сақтауға, дабыл және байланыс құрылғылары істен шыққан кезде қызметкерлердің іс-әрекеттері мен қалыптан тас жағдайлар орын алғанда өндірістік жұмыс технологиясын сақтауға байланысты жүргізілген айлықтар нәтижесінде қол жеткізілді. Локомотив шаруашылығында қауіпсіздік құрылғылары орнатылған, жолаушылар тасымалдау пойызына арналған ТЭЗЗА сериялы магистральді тепловоздарға электропневматикалық тежеуішпен жабдықталған. Сервистік ұйымдар локомотивтерді жөндеу барысында технологиялар мен жоғары сапаны сақтау барысында оң нәтижеге қол жеткізді. 2015 жылдың ағымдағы аралығында вагондарға техникалық бақылау мен «бүйірлік жақтау» бақылау режимін жүргізу кезінде 4,5 млн. вагон тексеріліп, 513 бүйір жақтаулардың ақаулары табылды. Жүргізілген шаралар нәтижесінде жолаушылар пойызында локомативтердің бүлінуі, жылжымалы құрамның жолдан шығуы, вагондардың пойыздан ағытылуы, вагондардағы құйма бөлшектердің сынуы, техникалық ақауларға байланысты пойыздың кестеден кешігуі, қозғалыс барысында рельстен шығу секілді ақаулардың көрсеткіші төмендеді. Қазіргі уақытта ҚТЖ-да басқарудың барлық деңгейлерінде «Қауіпсіздік мәдениетін» енгізу жұмыстары жүргізілуде.