2015 жылды Тең мүмкіншіліктер жылы деп жариялау туралы тұжырымдама жобасы әзірленіп жатыр - С. Әбденов

АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың қазанында «Әртүрлі - тең» республикалық фестивалі өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2012-2018 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңінің жүзеге асырылуы туралы баяндама жасаған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов айтты.

«Ағымдағы жылдың қазанында өмірдің түрлі саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізген мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамға таныстыру мақсатында «Әртүрлі-тең» бірінші республикалық фестивалін өткізуді жоспарлаудамыз»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғамның түсіністікпен қарауына ықпал жасау үшін Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп арнайы медиажоспар қабылданған.

«Сондай-ақ, 2015 жылды Тең мүмкіншіліктер жылы деп жариялау туралы тұжырымдаманың жобасымен жұмыс істеу аяқталуға жақын»,-деді С. Әбденов.

Соңғы жаңалықтар