2015 жылдың 1 маусымындағы ЖІӨ өсімі 2,3% құрады - ҚР Ұлттық банкі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыртқы экономиканың қолайсыздығына қарамастан Қазақстан экономикасы өсіп келеді. 2015 жылдың 1 маусымындағы ЖІӨ өсімі 2,3% құрады.

2015 жылдың 1 маусымындағы ЖІӨ  өсімі 2,3% құрады  - ҚР Ұлттық банкі

Бұл туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.

«Үкіметтің жоспары бойынша осы уақыт аралығына шамамен екі пайыздық экономикалық өсім жоспарланған болатын», - деп атап өтті ол. Банк мәліметтері бойынша, жылдық инфляция 7,4 пайызды құраса, маусым айында 3,9% болды. Ақпан-маусым айлары аралығында инфляциялық процестер азайды. Ақпанда - (6,1%), маусымда - (3,9%). "Бұл -Үкімет пен Ұлттық банктің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, мұнайдың әлемдік бағасының арзандауына және негізгі сауда серіктестердің ұлттық валюталарының әлсіреуіне қарамастан айырбас бағасының тұрақтылығын сақтауға қатысты біріккен іс-қимылдарының арқасында мүмкін болды", - делінген хабарламада. Сондай-ақ банктің мәліметінше, ЕАЭС шеңберіндегі серіктестеріміздің барлығында инфляция өте жоғары. РФ-да - 15,8% (2014 - 11,4%), Белоруссияда - 13,7% (18,1%), Қырғызстанда - 6,0% (8,5%), Арменияда - 5,1% (4,6%).