2015 жылдың 1 сәуірінен Қазақстанда тариф қалыптастырудың жаңа әдісі енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 сәуірінен Қазақстанда тариф қалыптастырудың жаңа әдісі енгізіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.

2015 жылдың 1 сәуірінен Қазақстанда тариф қалыптастырудың жаңа әдісі енгізіледі

«Табиғи монополиялар субъектілері инвестициялық бағдарламаларының дайындығын ескере отырып, тариф қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу 2015 жылдың 1 сәуірінде басталады», - деді М.Құсайынов.

Оның айтуынша, 2020 жылға дейінгі табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі бағдарламаны іске асыру тарифтердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына қосымша жеке инвесторларды тартуға, субъектіге және реттеуші мемлекеттік органға мемлекеттік реттеудің әкімшілік жүктемесін азайтуға, тұтынушыға жүктемені біркелкі беруге, табиғи монополиялар салаларында тозу мен ысыраптар деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.