2015 жылдың 1 шілдесінен сот-наркологиялық сараптама Әділет министрлігіне беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың 1 шілдесінен сот-наркологиялық сараптама Әділет министрлігінің қарамағына беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігі Сот сараптамалық орталығының директоры Исидор Борчашвили мәлім етті.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың қаңтарынан сот-медициналық сараптама Денсаулық сақтау министрлігінен алынып, Әділет министрлігінің қарамағына берілген. «Биылғы жылдың 1 шілдесінен сот-наркологиялық сараптама да Әділет министрлігінің қарамағына өтсе, 2016 жылдың 1 шілдесінен сот-психологиялық сараптама да да осы ведомствоға беріледі. Бұл ел ауқымында сот сараптамалары бірыңғай болуы үшін жасалуда», - деді И.Борчашвили.