2015 жылдың 17-24 наурызы аралығында негізгі азық-түлік бағалары қалай өзгерді?

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазагромаркетинг» АҚ-ның ел аймақтары бойынша азық-түлік бағаларына жүргізген мониторингі 2015 жылдың 17-24 наурызы аралығында бөлшек сауда бағаларының өзгерісін анықтады.
None
None

Атап айтқанда, есепті кезеңде Алматыда пияз бағасы 14 пайызға келісі 99 теңгеден 113 теңгеге дейін қымбаттаған. Пияз бағасының ұлғаюына жеткізілім мөлшерінің азаюы мен көтерме сауда бағаларының 4 пайызға, келісіне 54-тен 56 теңгеге қымбаттауы себеп болды.

Сонымен қатар, осы уақыт аралығында Шымкентте қияр бағасы 13 пайызға, яғни келісіне 400 теңгеден 350 теңгеге арзандаған. Бағаның арзандауына нарықтың өніммен толығуы және көтерме сауда бағасының19 пайызға, келісіне 320 теңгеден 260 теңгеге дейін төмендеуі себеп болған.

«Өзге азық-түлік өнімдерінің бағасы айтарлықтай (10 пайыздан артық) өзгерген жоқ. «Қазагромаркетинг» компаниясы апта сайын әр сейсенбі күні азық-түлік тағамдарының 66 түрі бойынша еліміздің барлық облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларында баға мониторингін жүргізеді», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар