2015 жылдың қаңтарында Инвестициялар және даму министрлігінде жемқорлық әрекеттердің бар-жоғы тексеріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қаңтар айында Инвестиялар және даму министрлігінде жемқорлық әрекетердің бар-жоғын тексеру үшін жұмыстар жүргізеді, деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметінен.

2015 жылдың қаңтарында Инвестициялар және даму министрлігінде жемқорлық әрекеттердің бар-жоғы тексеріледі

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі нің жанындағы қоғамдық кеңестің бірінші отырысы болып өтті. Оның жұмысына депутаттар, қоғамдық ұйымдардың және кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Агенттік төрағасы Қайрат Қожамжаров жиын барысында алғаш рет жүйе негізіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және анықтау жұмыстары енгізілетінін атап өтті, осыған байланысты агенттікте тиісті басқарма құрылды. Құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және қоғамдастықпен өзара іс-әрекет басқармасы халықты сыбайлас жемқорлық туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және азаматтарды агенттік жобаларына тарту жұмыстарын үйлестірумен айналысатын болады.

2015 жылғы қаңтардан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары Инвестиция және даму министрлігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің мамандарымен біресіп, аталмыш ведомствоның жағдайын зерделеуге кіріседі.

Бұдан басқа, Қайрат Қожамжаров 2015 жылы «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалану іске қосылатынын мәлімдеді, оны пайдалану мемлекеттік қызметшілерді тағайындау және олардың қызметін өсіру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністерін азайтуға мүмкіндік береді.