2015 жылдың соңына қарай Қытайдағы АЭС-тың жалпы қуаттылығы 30 млн кВт-қа жетеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдың соңына қарай Қытайдағы АЭС-тың жалпы қуаттылығы 30 млн кВт-қа жетеді. Бұл туралы Қытай атом энергетикасы қауымдастығының жауапты хатшысының орынбасары Сюй Юймин атом энергиясы бойынша 11-ші қытайлық халықаралық конгресте мәлім етті, деп хабарлады Синьхуа.

2015 жылдың соңына қарай Қытайдағы АЭС-тың жалпы қуаттылығы 30 млн кВт-қа жетеді

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қытайда жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе салынуы жоспарланған 52 атом энергоблогы бар. Олар сегіз провинциядағы 13 электр стансаларына орналастырылды. Солардың ішінде қуаттылығы 21,4 млн кВт құрайтын 23 энергоблок жұмыс істеп тұр.

2020 жылға қарай Қытайдағы атом энергетикасын дамыту бағдарламасына сәйкес елдегі жұмыс істеп тұрған атом энергиялық блоктарының қуаттылығы 58 млн кВт-қа жетеді, салынып жатқан энергия блоктардың қуаттылығы 30 млн кВт-тан асып түседі. "2020 жылға дейін елде қуаттылығы кем дегенде 35 млн кВт құрайтын атом энергия блоктары қолданысқа берілуі тиіс. Жалпы алғанда жылына 5-6 энергоблок салынуы керек", - деді Сюй Юймин. Оның болжамына сәйкес, 2030 жылға қарай Қытайда электр энергиясын пайдаланудың жалпы көлемі бүгінгі көрсеткіштен екі есеге дейін артады.