2015 жылдың соңына қарай мұнай бағасы 70 доллар болуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін мұнай баррелінің әлемдік бағасы 70 долларға дейін жетуі мүмкін. Мұндай болжамды бейсенбі күні Ирактың мұнай министрі Әдел Әбдел Махди Reuters агенттігіне берген сұхбатында айтты.
None
None

«Қаңтар айында баға ең төменгі деңгейге түсті, ары қарай құлдырауы мүмкін емес. Қазір оның құны баяу болса да өсіп келеді. Мұнай қымбаттап, осы жылдың соңына дейін 70 долларға дейін жетуі мүмкін», - деді ол. Адель Абдель Махди Йемендегі дағдарыстың ушығуынан мұнайдың қымбаттауы көпке созылмайды деп есептейді, деп хабарлады ТАСС. «Әрина, Йемендегі дағдарыс сынды саяси мәселелер мұнай бағасын қымбаттатады, алайда бұл уақытша ғана», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар