2015 жылдың тамызы бақылау тарихындағы ең құрғақ ай болмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың тамызында айлық жауын-шашын нормасының 13 пайызы ғана, яғни 77 миллиметрдің 10-ы ғана түсті.
Бұл жағдай оны бақылау тарихындағы ең құрғақ айға айналдырып отыр, деп хабарлады "Фобос" ауа райы орталығы.
Мұның алдындағы рекорд 1955 жылдың тамызына тиесілі. Ол кезде 20 миллиметр көлемінде жауын жауған. Метеорологтардың пайымынша скандинавиялық антициклонның ықпалы салдарынан айдың соңына дейін жауын-шашынның түсуі екіталай.