2015 жылға дейін 100 студенттік жатақхана салынады

Бұл туралы бүгін Астанада жастар ұйымдарының басшыларымен кездесіп, Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдама жобасын талқылау барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Әлия Ғалымова мәлім етті.
«Айта кетерлігі, бүгінгі таңда біздің министрлік «Студенттік баспана» жобасымен белсенді түрде айналыса бастады. Осы бағытта Астана мен Алматы қалаларында, еліміздің басқа да өңірлерінде студент жатақханаларының құрылысына қатысты кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Сондықтан да, жоғары оқу орындарында, колледжде оқитын студенттерді баспанамен қамтамасыз ету үшін 2015 жылға дейін 100 жатақхана салынатын болады», - дейді Ә. Ғалымова.
Оның айтуына қарағанда, қазірдің өзінде еліміздегі 7 жоғары оқу орындарында жатахқаналар құрылысы қолға алынған. «Сондықтан да, студенттерді баспанамен қамту мәселесі келешекте толық шешімін табатындығына сенім мол», - дейді Жауапты хатшы.