2015 жылға дейін еліміздің барлық аймақтары жылжымалы жол зертханаларымен жабдықталады

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Ол туралы Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев Солтүстік Қазақстан облысында болған іс сапары барысында айтты. Сонымен бірге министр ағымдағы жылдың шілде айында жылжымалы зертханалармен үш «Облжолзертханалары» жабдықталғанын, ал келесі жылы олардың санын 11-ге дейін көбейту жоспарланғанын белгіледі.
None
None

Жылжымалы зертхана толығымен автоматтандырылған. Ол дайын жол объектілерін зерттеуге арналған.

«Бұл машина арнайы қондырғылармен жабдықталған. Қозғалыс кезінде ол бейнетүсірілім жасап, жол төсемінің талаптарға сай түзулігі және еңістері сияқты сипаттамаларды анықтайды. Маңыздысы, бақылау нәтижелері бірден орталыққа түсіп, талдау өткізіледі. Яғни жолды қабылдау кезінде жасалған жұмыстар сапасы тексерісіне жауапты сарапшы оларды өзгерте алмайды».

Осыдан басқа Асқар Жұмағалиев «ҚазжолҒЗИ» үшін алынатын тағы бір зертханалық кешен туралы айтты. Министрдің айтуынша, оның көмегімен жетілдірілген жол төсемі зерттеулерін тез өткізуге болады. Атап айтқанда, жолдың салмақ түсу қабілеттілігін, қабат қалындығын және жол құрылымын анықтайды.

Зертхана жол құрылымының күйі жөніндегі тереңдетілген нақты мәліметтерді алуға көмек жасап, қажет жөндеу жұмыстары туралы ұсыным жасайды. Одан басқа оны жол құрылысы кезінде пайдалануға болады. Себебі зерттеу кезінде алынған ақпарат жоба кезеңінде жасалған қателіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

.

Соңғы жаңалықтар