2015 жылға дейін пневмококк инфекциясына қарсы егу барлық өмірді қамтитын болады - министр

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - 2015 жылға дейін пневмококк инфекциясына қарсы егу барлық өмірді қамтитын болады.

2015 жылға дейін пневмококк инфекциясына қарсы егу барлық өмірді қамтитын болады - министр

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.

Министрдің атап өтуінше, соңғы 3 жылдың ішінде республикада кезең-кезеңімен балаларды пневмококк инфекциясына қарсы вакцинациялау енгізілуде. Бүгінгі таңда еліміздің 10 өңірі вакцинаның осы түрін егумен қамтылған.

«2015 жылға дейін пневмококк инфекциясына қарсы егу барлық өмірді қамтитын болады», - деп атап өткен министрдің сөзіне қарағанда, бұл шаралар елімізде бала өлімін 20 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді.