2015 жылға қарай Астана халқы 1 миллиондық межеге жетіп қалады - қала әкімі
«Біздің елде ішкі миграция өте белсенді түрде жүруде. Жыл сайын қаламызда 50 мыңға жуық адам тіркеледі. Бүгінгі таңда елордада 800 мыңнан астам тұрғын бар. Алдағы 3-4 жыл ішінде қала 1 миллиондық межеге жетіп қалуы ықтимал. Бұл мәселе біздің көңілімізді қаладағы, бірінші кезекте, әлеуметтік нысан құрылысына үлкен мән беру қажеттігіне аудартады»,-деді қала әкімі.
«Қаладағы демографиялық ахуалдан тыс, басқа өңірлерден Астанаға көшіп келіп жатқандар қаншама. Осының негізінде бізде мемлекеттік қаражатты бөлгізіп, туындаған өте қиын ахуалды шешуге тура келіп жатады»,-деп атап көрсетті И. Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, тек былтырдың өзінде Астанаға 3 мыңнан астам мектеп жасындағы балалар келген. Үш мың бала - екі жиынтық мектепке пара-пар. Қала басшысының айуынша, 2020 жылға дейін қалада 38 мектеп салынуы тиіс.
«Осы бағдарлама шеңберінде біз жұмыс жасап келеміз. Елордада үш ауысыммен оқитын, «тығыз» мектептер бар. Екі-үш жыл ішінде біз қалада оқушыларды үш ауысымда оқытудан арыламыз деп жоспарлаудамыз»,-деді И. Тасмағамбетов.