2015 жылға қарай Астанадағы жұмыссыздықтың деңгейі 5,5 пайызға төмендейді

АНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы аясында әзірленген «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 2015 жылға қарай Астанадағы жұмыссыздықтың деңгейі 5,5 пайызға төмендейді деген болжам бар.

2015 жылға қарай Астанадағы жұмыссыздықтың деңгейі 5,5 пайызға төмендейді

Бұл туралы бүгін Астана қаласының мәслихатында баяндама жасаған Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Алма Алтыбаева мәлім етті.

«Ол кезде жұмыссыздық деңгейінің төмендеуімен бірге еңбек ресурстарының сапасы артады», - дейді А.Алтыбева. Басқарма жетекшісі атап көрсеткендей, ағымдағы жылы «Жұмыспен қамту - 2020» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы кезеңі ілкі жоба ретінде жүзеге асырылмақ. Бағдарлама аясында Астана қаласының әкімдігіне республикалық бюджеттен 54,3 млн. теңге бөлініп отыр.

Айта кетейік, Астана қаласының Статистика департаментінің мәліметі бойынша 2006 жылы елордадағы жұмыссыздықтың деңгейі 6,6 пайыз болған. Өткен 2010 жылда бұл көрсеткіш 5,9 пайызды құрады.