12:40, 20 Қыркүйек 2011 | GMT +5
2015 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 70 пайызға дейін ұлғайтылмақ
ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Балапан» бағдарламасы аясында 2015 жылға қарай балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды 70 пайызға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізілетін болады.
Үкімет басшысының айтуынша, бұл бағдарламаның арқасында жеткіншектерді мектепке дейінгі біліммен қамту 2010 жылдағы 30 пайыздан 2011 жылы 55,6 пайызға дейін өсті. «Білім беру бағдарламасын дамытуды іске асыру қабілетті және сапалы адам капиталын құруды қамтамасыз ететін білім беру жүйесін құруға мүмкіндік жасайды»,-деп толықтырды К. Мәсімов.