2015 жылға қарай еліміздің барлық жоғары оқу орындары дербес білім беру ұйымына айналуы тиіс - ҚР БҒМ

АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат -  2015 жылға қарай еліміздің барлық жоғары оқу орындары дербес білім беру ұйымына айналуы тиіс.

2015 жылға қарай еліміздің барлық жоғары оқу орындары дербес білім беру ұйымына айналуы тиіс - ҚР БҒМ

Бұл туралы бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болған ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов айтты.

Оның пайымынша, бүгінде университеттерді басқару мүлдем бөлек жаңа сызба бойынша қалыптасуы тиіс. Қазірдің өзінде 4 ұлттық университеті бақылау кеңесі, ал 60 ЖОО-да қамқоршылық кеңесі құрылған.

«Қазіргі уақытта біз бұл кеңестер мамандарды дайындау сапасын арттыруда өз рөлін тигізуі үшін жұмыс істеудеміз. Яғни, дәл осы қамқоршылық кеңестері ЖОО ректорын тағайындауда ұсыныс беруден бастап, қаржылық-шаруашылық қызметіне дейінгі көптеген мәселелерді шешуі қажет», - деді Б.Жұмағұлов.

Сонымен қатар ол: «Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары 2015 жылдан бастап өркениетті дамыған елдерде қабылданғандай білім берудің дербес ұйымына айналуы тиіс»,-  деді.