18:07, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
2015 жылға қарай Қазақстанның Болондық үрдіске енуі толығымен аяқталады - Білім министрі
АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2015 жылға қарай Қазақстанның Болондық үрдіске енуі толығымен аяқталады. Бұл туралы бүгін өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жансейіт Түймебаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ж.Түймебаевтың айтуынша, 2015 жылға қарай университеттердің 10 пайызы халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтіп, Астана қаласында әлемдік деңгейдегі университет қызмет атқаратын болады.
Ал 2020 жылға қарай Қазақстан білім берудегі жаңа технологиялардың жетекші провайдеріне айналмақ. Магистрлерді қабылдау көлемін 12 500, ал PhD докторанттарын - 2500 адамға дейін жеткізу жоспарланып отыр (қабылдау 10 есе артады).
«Қазақстанның 2 жоғары оқу орны, оның ішінде Астана университеті әлемнің жетекші ЖОО-ның рейтингісіне кіреді. Сөйтіп, жоғары білім беру жүйесі еліміздің білікті мамандарға деген қажеттіліктеріне жауап беретін болады», - деп атап өтті ол.