2015 жылға қарай республика бойынша жаңартылған жүйелердің ұзындығы 31 мыңнан астам шақырымды құрайды
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын таныстырған Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин айтты.
Оның сөзіне қарағанда, қолға алынған шаралардың нәтижесінде күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін кондоминиум нысандарының үлесі 32 пайыздан 22 пайызға төмендемек. Осыған орай тұрғын үй қатынастарының оңтайлы моделін құруды қамтамасыз ету қажет.
«Мемлекет халықаралық қаржы институттары мен біздің банктерімізді тарта отырып, жеке инвесторларға, кәсіпорындапр мен азаматтарға тұрғын үйлер мен коммуналдық нысандарды жөндеу және қайта жаңарту үшін бірлескен арнайы тетіктерін ұсынады», - деді ол.
Агенттік басшысының айтуынша, жаңа бағдарлама тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың өзара байланысты екі элементінен, атап айтқанда жылу, газ және электрмен жабықтауды қамтамасыз ететін жүйелерден және тұрғын үй секторының негізгі бөлігі болып табылатын көп пәтерлі тұрғын үйлерден тұрады.