2015 жылға қарай ҰБТ компьютерлік тестілеу арқылы өтеді деп жоспарланып отыр - Білім және ғылым вице-министрі
АСТАНА. 15 маусым. ҚазАқпарат - 2015 жылға қарай ҰБТ компьютерлік тестілеу арқылы өтеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.
«Білімді дамытудың жоспарына сәйкес 2013 жылы ұлттық бірыңғай тестілеуді екі кезеңге бөлу, яғни оқушыларды қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орнына түсу үшін емтихан тапсыру эксперименті жоспарлануда. Ал, 2015 жылға қарай ҰБТ-ны екі кезеңдік логикалық сипаттағы тестілеуді пайдалану мен компьютерлік тестілеуге ауысу жоспарланып отыр», - деп атап өтті вице-министр.