2015 жылға қарай Ұлы Отан соғысы тарихының 12 томдық басылымы жарыққа шығады

АСТАНА.   Қыркүйектің  8-і. ҚазАқпарат - 2015  жылға қарай   Ұлы Отан  соғысы тарихының  12 томдық басылымы жарық  көреді.  
None
None

 Басылымның алғашқы  томы  2010-2011  жылдары    шығады деп күтілуде.   Бұл туралы  бүгін журналистерге    РФ  Қорғаныс министрлігі Әскери   тарих  институтының   жетекші ғылыми  қызметкері      Валерий Маковский хабарлады.

«Қорғаныс министрлігі    ол  еңбектің   тұжырымдамасын   бекітіп қойды,      қазіргі уақытта      басылымның   құрылымдық жоспары    әзірленіп,   әр  томның  редакциялық    комиссиясының  құрамы  реттелуде. Алғашқы  том   Ұлы Отан    соғысының  тарихи  жылнамасына арналады»,   дейді     ғылыми   қызметкер.

В.Маковскийдің айтуынша,   жаңа басылымға     мұрағат құжаттарының    жинақтары    негіз болады. 

Соңғы жаңалықтар