2015 жылғы 1 қаңтардан бастап сигаретке ең төмен баға 200 теңге мөлшерінде белгіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы шықты. ҚазАқпарат осы құжаттың мәтінін таратады.

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап сигаретке ең төмен баға 200 теңге мөлшерінде белгіленді

*** Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1058

2014 жылғы 7 қазан, Астана, Үкімет Үйі

«Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Фильтрлі сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі №260 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., №10, 116-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Фильтрлі 20 (жиырма) сигаретке 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төмен бөлшек баға екі жүз теңге мөлшерінде белгіленсін.». 2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.