2015 жылғы Чемпиондар лигасы финалының өтетін орны жарияланды

Ал 2015 жылғы Еуропа лигасының финалдық матчы Варшавада Ұлттық стадионда өтетін болды, деп хабарлады Vesti.kz.
Мұндай шешім Лондонда УЕФА Атқару комитетінің отырысында қабылданды. Сондай-ақ 24 мамырда УЕФА 2014/15 маусымдағы Еуропа Лигасының жеңімпазы келесі жылы Чемпиондар лигасында орын ала ма, деген мәселеге орай шешім қабылдауы тиіс. Мұндай шара Еуропа Лигасының беделін көтеруі мүмкін деп саналады.
Айта кетерлігі, берлиндік Олимпия стадионына 74 мыңнан астам көрермен сияды. 56 мың орынға есептелген Варшава стадионы 2012 жылы Еуропа чемпионатының бес матчын қабылдады, соның ішінде ширекфиналдық және жартылай финалдық турнирлер де бар.
Биылғы маусымда Еуропа Лигасының финалы Амстердамда өтті, онда лондондық «Челси» жеңімпаз болды. Немістің екі командасы - дортмундтық «Боруссия» мен мюнхендік «Бавария» кездесетін Чемпиондар Лигасының финалы 25 мамырда Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді.