2015 жылғы наурызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,6 пайызға жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы наурызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 3,6 пайызға жоғарылады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Атап айтқанда, ағымдағы жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 7,2 пайызға жоғарылап, баға өңдеу өнеркәсібінде 0,5 пайызға төмендеген. Өндірілген өнімге баға - 4 пайызға қымбаттады, ал өндірістік сипаттағы қызметтерге баға өзгеріссіз қалды.

Сонымен қатар, өткен айда бағаның мұнайға 5,7 пайызға жоғарылауы, олардың мазутқа 4 пайыз, дизельдік отынға - 2,6 пайыз, металл кендеріне - 2,5 пайыз, көмірге - 1,6 пайыз, бензинге - 0,5 пайызға төмендеуі тіркелген.

«Бұдан бөлек, баға қорғасынға - 15,2 пайыз, мырышқа - 8,5 пайыз, қара металдар илегіне - 3 пайыз, мысқа - 2,5 пайыз, ферроқорытпаларға - 0,3 пайызға жоғарылап, асыл металдарға - 2,8 пайыз, алюминийге - 1,4 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, бағаның қарақұмық жармасына - 5,6 пайыз, қара бидай ұнына - 4,9 пайыз, мал етіне - 2,5 пайыз, құс етіне - 2,4 пайыз, өсімдік майына - 2 пайызға, сүт өнімдеріне және қантқа - 0,7 пайыздан, балыққа - 0,6 пайызға төмендеуі тіркелді», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар