2015 жылы 10 мыңға жуық арендалық пәтер пайдалануға берiледi - «Бәйтерек» холдингi
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» холдингi жыл басынан берi 2,4 мың арендалық пәтердi пайдалануға бердi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң баспасөз мәслихатында холдинг басшысы Қуандық Бишiмбаев мәлiм еттi.
«Бәйтерек» холдингi алдында тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту бойынша мiндет қойылуда. Осы бағытта 2015 жылы «Бәйтерек» ұлттық холдингi 487 мың шаршы метр немесе 9 740 пәтердi тапсыруды жоспарлауда. Олардың 50 пайызы жас отбасыларға берiледi.
Оның айтуынша, жыл басынан берi Астана, Алматы, Қостанай, Көкшетау, Семей және Шымкент қалаларында 2,4 мың пәтер пайдалануға берiлдi. Бұл шамамен 130 мың шаршы метр тұрғын үй.