2015 жылы 10 мыңнан астам сотталушы бостандыққа шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Қазақстанның түзеу мекемелерінен 10 мыңнан астам сотталушы бостандыққа шығады. Бұл туралы бүгін өтіп жатқан "Түзеу мекемелеріндегі жұмыспен қамту" атты екінші форумда ҚР Бас прокурорының орынбасары Жақып Асанов айтты.
None
None

«Бүгінде әрбір оныншы сотталушының ешқандай білімі жоқ. Ал он адамның үшеуінде мамандық жоқ. Арнайы мамандықтары барлары жұмысқа орналаса алмайды. Қазіргі кезде жазасын өтеушілердің 41%-ы екі немесе үш рет сотталғандар. Шындығында, пенитенциарлық жүйе "айналмалы есік" приципі бойынша жұмыс істеуде», - деп атап өтті Ж.Асанов.

Оның мәліметінше, олардың кейбірі қалтасында ақшасы болмағандықтан үйреншікті жолына түсуі әбден мүмкін.

Соңғы жаңалықтар