2015 жылы 6 млрд. долларға 124 инвестициялық келісім жасалды - KAZNEX INVEST
«2015 жылы «KAZNEX INVEST» 22 бизнес-форум ұйымдастырды. Олардың 16-сы Қазақстанда, 6-уы шетелде өтті. Олардың бірінде Италия, Венгрия, Литва, Хорватия, Үндістан, Сербия және өзге де мемлекеттердің президенттері қатысты. Нәтижесінде 2015 жылы 6 млрд. долларға 124 инвестициялық келісімге қол қойылды», - деп атап өтті ол компанияның 2015 жылғы жұмыстарының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында.
Бизнес форумдардың ең нәтижелісі - Миланда өткен «ЭКСПО-2015» көрмесі аясындағы форум. 400-ден астам кәсіпкерді жинаған аталмыш шара барысында 400 миллион долларға 23 екіжақты келісімдерге қол қойылған.
«27 қазанда Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ елімізге келгенде 600 қатысушыға бизнес-форум ұйымдастырылды. Онда 15 млрд. долларға 15 инвестициялық құжат бекітілді», - дейді ол.