2015 жылы әлем жасыл энергияға 33 млрд доллар инвестиция салған - БҰҰ

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы әлем бойынша жасыл энергия саласына 33 млрд доллар инвестиция тартылған. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда алты есеге артық көрсеткіш. Астана экономикалық форумы аясындағы «Жасыл экономика» сессиясына қатысқан БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі, Еуропа және ТМД елдеріне арналған аймақтық бюроның директоры Жихан Сұлтаноғлу ханым осылай мәлім етті.
None
None

«Жасыл экономика пайдалы қазбаларға негізделген елдердің экономикаларына да әсер ете алады. Жасыл энергияға салынған инвестиция 2015 жылы 33 млрд долларды құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда алты есе артық. Яғни, жаңартылатын энергияның жаһандық нарығы келесі мыңжылдықта өсе береді»,-деді Ж.Сұлтаноғлу.

Бұл ретте, Ж.Сұлтаноғлу атап өткендей, әлемде мұнай экспорттайтын елдердің өзі экономикасының өсу моделін қайта қарап, жасыл экономикаға ден қоюда.

«Мұнайдың ең ірі экспорттаушысы Сауд Арабиясы «Саудвижн-2030» бағдарламасын іске асыруда», - деп хабарлады ол.

Соңғы жаңалықтар