2015 жылы әлемдегі ең үлкен планшет шығарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Apple корпорациясы iPad үлгісіндегі ең үлкен планшет шығаруды жоспарлап отыр. iPad планшетінің келесі түрі 12,9 дюймді диагональға ие экранмен жабдықталады. Бұл туралы www.massaget.kz хабарлайды.

2015 жылы әлемдегі ең үлкен планшет шығарылады

Қазіргі кезде компания көлемі 9,7 дюйм болатын планшеттермен шектеліп жатыр. Ақпараттар бойынша, Apple жаңа идеяға қатысты жобаны бір жылдан бері талқылап келеді. Дегенмен баспасөз қызметінің өкілдеріне нақты ақпарат бермеуде.

Айта кетейік, Apple-дің iPhone смартфондарынан кейінгі екінші орындағы табыс көзі болған iPad планшеттерінің сатылымы осы жартыжылдықта екі есеге азайып кетті. Компанияның сарапшы мамандары бұны нарықтағы планшеттердің және планшет тәрізді смартфондардың саны артқандығынан көріп отыр. Оған қоса планшеттер бағасының арзандауы мен жарнаманың белсенді жұмыс істеуі де өзіндік фактор болуда.