2015 жылы әлемдік кинематография көрермендерді тың туындылармен тамсандырмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемдік кинематография саласы үшін 2015 жыл табысты жыл болмақ, себебі қаржылық тұрғысынан көп пайда әкеледі деген үмітпен үкілеп отырған бірқатар туындылар көрермендерге жол тартпақ, деп жазады лондондық Times газеті.

Бірінші кезекте басылым 007 агенті Джеймс Бонд туралы қазір британдық режиссер Сэм Мендес түсіріп жатқан «Спектр» және «Жұлдызды соғыс» эпопеясының кезекті сериясын - американдық режиссер Джей Джей Абрамс түсіріп жатқан «Жұлдыздар соғысы. VII эпизод: күш біту» туындыларын атап өтеді. Бұл фильмдер экранға сәйкесінше ағымдағы жылдың қазан және желтоқсан айларында шығуы тиіс. Сондай-ақ 2015 жылдың желтоқсан айында көпшілікті сүйікті актерлері Том Круз «Орындалмайтын миссия», Арнольд Шварценеггер "Терминатор:Генезис" (шілде айында көрерменге жол тартады), кіші Роберт Дауни «Кек алушылар: Альтрон дәуірі» (мамыр айында көрсетіледі) сынды шығармалардағы рөлдерімен қуантпақ. Walt Disney Pictures киностудиясы мамыр айында өзінің әйгілі «Күл-қыз» («Золушка») картинасының жаңа нұсқасын жұртшылық назарына ұсынады. Ал қазан айында «Джунгли кітабы» мультипликациялық туындысының жаңа түрін жарыққа шығарады. Телевизиялық туындыларға келетін болсақ, биртандық ВВС медиа тобы осы айда орыс және әлем әдебиетінің класссигі Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» романы бойынша 6 сериялы картинаны түсіру жұмыстарын бастайды. Ұзақтығы алты сағатқа созылатын бұл туынды топтың ВВС-1 телеарнасынан 2015 жылдың соңында көрсетілмек, деп хабарлайды ТАСС.

Соңғы жаңалықтар
telegram