2015 жылы Астанада 3 қосалқы электр стансасы іске қосылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Энергетика басқармасының мәліметі бойынша, 2015 жылы үш қосалқы электр стансасы салынады: кернеу санаты 110/20кВ «Аэропорт-Новая» қосалқы стансасының 1-кезегі, «Олимп» ҚС 1-кезегі және «Шұбар» ҚС. Бұл туралы Астана әкімінің ресми порталы хабарлады.
Астанада барлық нысандар мен кәсіпорындарды электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, 2014 жылы электр қуатымен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету үшін 220 кВ қосалқы тіреу стансалары бар жоғары вольттық желі сақинасы салынып, қолданыстағы 5 тарату пункті және трансформаторлық қосалқы станса қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, пластик терезелер профилін өндіретін зауытты электр жүйелеріне қосу жұмыстары жүргізіліп, кейбір өндірістік нысандарға электр жүйесі тартылды.