2015 жылы Астанадағы ЖЭО-3 бірінші кезегі пайдалануға беріледі - И.Тасмағамбетов

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - 2015 жылдың тамызында елорданың 3-інші Жылу энергия орталығының бірінші кезегі пайдалануға беріледі.

2015 жылы Астанадағы ЖЭО-3 бірінші кезегі пайдалануға беріледі - И.Тасмағамбетов

Бұл туралы бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан елорданың әрі қарай дамуы мәселеріне арналған кеңес барысында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов мәлім етті.

«Қала үшін ЖЭО-3, жаңа энергия көзінің құрылысы стратегиялық маңызға ие. Қазіргі таңда бұл жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асырылуда. Оны 2015  жылы толығымен аяқтау көзделген», - деді ол.

Қала басшысының атап өтуінше, сонымен қатар ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 энергия көздерін қайта жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы бүгінде қаланың жылу тұтыну көлемі 1675 Гкал/ сағат болса, оның тапшылығы 301 Гкал/сағатты құрап отыр.

«2012 жылы ЖЭО-2-нің қуаттылығы 480 Гкал/сағат болатын 4 қазандық құрылғысы іске қосылғаннан кейін жылу энергиясының тапшылығы жойылып, резерв 44м Гкал/сағатты құрайтын болады», - деді И.Тасмағамбетов.