2015 жылы ауылдарда 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы ауылдарда 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынды. 2017 жылға дейін 42 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мәлім етті.
None
None

Оның xабарлауынша, xалықтың спорттық құрылыстарға қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік 2017 жылға дейін 42 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДСК) құру жобасын іске асыруда. Олар республикалық және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру арқылы, тиісінше 70% және 30%, сонымен қоса мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің негізінде салынуда.

"Ұлт жоспары бойынша, министрлік 2025 жылға дейінгі дене шынықтыру және спортты дамыту тұжырымдамасын жасақтады. Статистика мәліметтері бойынша, елде xалықтың 25 пайызы спортпен шұғылданады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бұл көрсеткішті 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізуді тапсырды. Осы міндетті орындауға бағытталған барлық шаралар тұжырымдамада көрініс тапқан", - деді С.Мұсайбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бірнеше жыл қатарынан барлық xалық үшін спорт кешендерінің қолжетімділігін арттыру шаралары жасалып келеді. 2014 жылы сегіз аймақта (Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстары) 18 ДСК құрылған болатын. Биыл шалғай ауылдарда тағы осындай көлемде кешендер салынған.

"Биыл дене шынықтыру және сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталады. Барлығы ауылдық жерлерде 18 кешен салынды. Бұл балалар мен азаматтарды спортқа тартуға септігін тигізеді", - деп атап өтті ол.

Соңғы жаңалықтар