2015 жылы банктердегі депозиттердің көлемі 36,6%-ға ұлғайды - Д. Ақышев

АСТАНА. ҚазАқпарат - «2015 жылы банктердегі депозиттердің көлемі көбінесе валюталық депозиттерді қайта бағалау есебінен 36,6%-ға ұлғайды», - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласына іссапары барысында.

2015 жылы банктердегі депозиттердің көлемі 36,6%-ға ұлғайды - Д. Ақышев

ҚР ҰБ басшысының сөзінше, депозиттердің долларлану деңгейі «69%-ға жетті, оның ішінде жеке тұлғалардікі 78,9% болды», деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметінен.

ҚР ҰБ деректері бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында облыс банктерінің филиалдарындағы депозиттердің жалпы көлемі бір жылда 22,2%-ға ұлғайып, 2016 жылғы 1 қаңтарда 315,1 млрд. теңгені құрады.

«Ұлттық валютадағы салымдар 98,6 млрд. теңгеге дейін 4,7%-ға өсті, шетел валютасындағы салымдар 216,5 млрд. теңгеге дейін 32,2%-ға өсті. Салымдардың долларлану дәрежесі 68,6% болды» - деді Д. Ақышев.