2015 жылы БҰҰ 60 млн.-ға жуық адамды гуманитарлық көмекпен қамтуды жоспарлауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы БҰҰ 57,5 млн.адамды гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етуді жоспарлауда. Осы мақсатқа бүкіләлемдік ұйым донор-елдерден 16,4 млн. доллар қаржы сұрады, деп хабарлады ТАСС.

2015 жылы БҰҰ  60 млн.-ға жуық адамды гуманитарлық көмекпен қамтуды жоспарлауда

8 желтоқсанда Женевада жарияланғакн «БҰҰ-ның «Гуманитарлық шақыруында» атап өтілгендей, ең ірі операция Сирияда (оған 2,8 млрд. доллар жұмсау жоспарлануда) және онымен көршілес елдерде жүргізіледі. Олардан сириялық босқындар пана тапты (3,2 млрд. доллар). «Сириялық бағытта» барлығы 13,6 млн. адам материалдық қолдау алады.

Сондай-ақ Оңтүстік Суданға, Иракка, Суданға біраз қаржы жұмсалмақ. 2015 жылы барлығы әртүрлі елдер мен өңірлерге көмек жөніндегі 12 бағдарлама көзделген. Бұл тізімге Украаина да енді (189,1 млн. доллар). БҰҰ мұнда елдің шығысындағы қарулы жанжал салдарынан зардап шеккен 900 мың адамға көмек бермекші. «Бздің көмек көрсеткелі отырған жандардың 80 пайыздан астамы елде жанжалдар мен зорлық-зомбылыққа ұшырағандар», - деп мәлімдеді Женевада БҰҰ Бас хатшысының гуманитарлық көмек жөніндегі орынбасары Валери Аос.

. Көмекке мұқтаж адамдар одан әрі көбейе түсуде, ал қаражаттар жеткіліксіз. БҰҰ мәліметтері бойынша, 2014 жылы донорлардан 9,4 млрд. доллар келіп түсті, бұл қажетті қаражатттың жартысы ғана.

«Жыл сайын біз донорлардан көбірек ақша жіберуді сұраймыз, олар қолдан келгенін істеп жатыр, дегенмен дағдарыстарға байланысты жағдай күрделі болып отыр. 2015 жылы біз бұл кемшілікті түзетеміз деп сенемін», - деді В.Амос.