2015 жылы Дала қыраны-2014» бітімгерлік оқу-жаттығуын Қазақстанда өткізудің тұжырымдамалық негіздері талқыланды - ҚР ҚМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қарулы Күштерінің өкілдері «Дала қыраны-2015» бітімгерлік оқу-жаттығуының тұжырымдамасын жасау жөніндегі жоспарлау конференциясының жұмысына қатысты.
Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Конференция барысында таяуда ғана Германияда аяқталған «Дала қыраны-2014» халықаралық тактикалық-арнайы бітімгерлік оқу-жаттығуының қорытындысы шығарылып, аталған жаттығуды 2015 жылы Қазақстанда өткізудің тұжырымдамалық негіздері талқыланды.
Шетелдік сарапшылар «Қазбат» бітімгерлік батальонының жоғары даярлық деңгейі мен олардың БҰҰ-ның бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау жөніндегі көпұлтты операциялардағы табыстарын ерекше атап өтті.
Биыл «Дала қыраны-2014» бітімгерлік оқу-жаттығуы тұңғыш рет Қазақстаннан тысқары жерде өткенін естеріңізге саламыз.