2015 жылы дзюдодан «Шыңғыс хан» жүлдесі үшін халықаралық жарыс өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Моңғолияда халықаралық 14 турнир ұйымдастырылмақ. Соның ішінде, дзю-додан «Шыңғыс хан Гран-при» жүлдесі бар, деп хабарлады «Моңғология дауысы».
Сонымен қатар, Моңғолияда өтетін халықаралық жарыстардың қатарында есту қабілеті нашарларға арналған шахматтан Азия чемпионаты, семсерлесуден жастар арасындағы Азия чемпионаты, футболдан Азия кубогі, ерлер арасында волейболдан, сондай-ақ еркін күрес пен шаңғы тебуден, теннистен «Mongolian open» турнирі өтпек. Айта кету керек, Моңғолияда алдағы жылы «Ұлан батыр» марафоны-2015» ұлттық күрестен сайыс өтсе, зейнеткерлер үшін спорттық фестиваль ұйымдастыру жоспарланған.