2015 жылы экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің хабарлауына қарағанда, 2015 жылы экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi.
Атап айтқанда, былтырғы жылы баға көтерме саудада 4,9 пайыз, құрылыста - 2,8 пайыз, ауыл шаруашылығында - 2,7 пайызға жоғарылаған. Сонымен бір мезгілде, өнеркәсіптегі баға 4,8 пайызға төмендеген.
«Есепті кезеңде барлық көлік түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері 25,9 пайызға, заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтері - 12 пайызға, байланыс - 0,7 пайызға өсті. 2015 жылдың желтоқсанында инфляция 2014 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 13,6 пайызды құрады», - делінген баспасөз баянында.