2015 жылы елорда күні «Астана - бейбітшілік пен келісімнің қаласы» деген ұранмен өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы елорда күні «Астана - бейбітшілік пен келісімнің қаласы» деген ұранмен өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қаласы бойынша хатшылығының меңгерушісі Ләззәт Құсайынова мәлім етті.
«Дәстүрлi шаралармен қатар биыл Елорда күніне бірнеше ірі шаралар өтедi деп жоспарлануда. 2015 жылы қала күні «Астана бейбітшілік пен келісімнің қаласы» деген ұранмен өтеді. Сонымен қатар, «Мен - қазақстандықпын» деген жастар форумы ұйымдастырылады. Ұлттық ойындар бойынша жалпы қалалық фестиваль өткізу жоспарда бар», - дейді Л.Құсайынова.
Оның атап көрсеткенiндей, бұнымен қоса қалалық мемлекеттік органдар қызметкерлері мен ірі кәсіпорын ұжымдары арасында шығармашылық фестиваль өтедi.