2015 жылы инвестиция көлемі бойынша интернет Қазақстанда 3-медиаға айналады

АЛМАТЫ.  17 мамыр. ҚазАқпарат  - Қазақстанның медиа нарығының бюджеті  биыл дағдарысқа дейінгі деңгейіне жетеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан VIII халықаралық PR форумда айтылды.

2015 жылы инвестиция көлемі бойынша интернет Қазақстанда 3-медиаға айналады

«Интернетті тұтынушылар барлық жастағылар  арасында тұрақты өсуде.  2006 жылмен салыстырғанда ол  15-19 жастағыларда - 415 пайыз, 20-25 жастағыларда - 292 пайыз, 25-34 жастағыларда - 319 пайыз, 35-44 жастағыларда - 453 пайыз, 45-54 жастағыларда - 652 пайыз, 55-64 жастағыларда - 404 пайыз, ал 65 жастан жоғарғылар арасында - 708 пайызға өсті.  Қолданушылардың үлесі 25-34 жастағыларда - 25 пайыз, 15-19  және 20-24 жастағыларда - 19 пайыз, 35-44 жастағыларда - 17 пайыз, 45-54 жастағыларда - 13 пайыз, 55-64 жастағыларда - 5 пайыз және 65 жастан жоғарғылар арасында - 2 пайызды  құрады», - дейді DASM компаниялар тобының стратегиялық медиа-жоспарлау бойынша директоры Денис Филенков.

Оның айтуынша, интернетті қолдану 2006 жылы - 16, 2007 жылы - 18, 2008 жылы - 24, 2009 жылы - 26, 2010 жылы - 36, 2011жылы - 44  пайызға өскен. Сондай-ақ ел тұрғындарының қазіргі таңдағы ақпарат алудың негізгі көздері де айтарлықтай өзгерген.  Олардың 89,9 пайызы телевидениені (2006 жылы 77,9 пайыз); 45 пайызы интернетті (10 пайыз ); 43,1 пайызы мерзімді басылымдарды (56 пайыз); 33,9 пайызы радионы (56,8 пайыз); 21,6 пайызы блог, микроблог, әлеуметтік желілерді (3,3 пайыз); 15,4 пайызы қауесетті  (16,7 пайыз)  атаған.