2015 жылы Қазақстан 12,7 млрд. текше метр газ экспорттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Қазақстан 45,3 млрд. текше метр газ өндірді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Энергетика министрлігі газ өнеркәсібін дамыту департаментінің басшысы Ғалым Нұрғазиев мәлім етті.

2015 жылы Қазақстан 12,7 млрд. текше метр газ экспорттады

"Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері газ өндіруді 5,5 есеге арттырды. 2015 жылы Қазақстан 45,3 млрд. текше метр газ өндірді. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Сонымен бірге газ экспортының да көлемі артқан. Былтыр Қазақстан 12,7 млрд. текше метр газ экспорттады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 15%-ға, 2000 жылға қарағанда 3,5 есе жоғары. Ол кезде тек 3,4 млрд. текше метр газ шетелге сатылған болатын", - деп атап өтті ол.

Нұрғазиевтің сөзі бойынша, экономиканың өсуіне және үкіметтің елді газбен қамтамасыз ету бағдарламасының арқасында газдың ішкі тұтыну көлемі де артып отыр. Былтыр елдің ішкі нарығында 12,1 млрд. текше метр газ тұтынылған. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2,2 есеге көп.