2015 жылы Қазақстан 60 млн. тонна мұнай экспорттайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан 60 млн. тонна мұнай экспорттамақ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.
«2015 жылы мұнай өндіру 80,5 млн. тонна деңгейінде жоспарланып отыр. Мұнайды өңдеу 14,3 млн. тонна көлемінде болжануда. Ал мұнай экспорты 60 млн. тонна деңгейінде белгіленді»,-деді вице-министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Владимир Школьник 2014 жылы Қазақстан 62,4 млн. тонна мұнай экспортталғанын айтқан болатын.
«Өткен жылы мұнай экспортының көлемі 62,4 млн. тоннаны құрады, оның ішінде 35 млн. тоннасы Каспий құбыр желісі консорциумы құбырының негізгі экспорттық жүйесі бойынша»,- деген болатын ведомство басшысы.