2015 жылы Қазақстанда қарттарды әлеуметтік қолдауға 5,6 млрд астам теңге бағытталған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2015 жылы қарттарға әлеуметтік көмек көрсетуге 5,6 млрд. астам теңге бағытталды, деп мәлімдеді Астанадағы брифингте ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова. Бұл туралыhttps://www.primeminister.kz сайты хабарлады.
None
None

«Жыл соңына дейін қарттарға 5 млрд 600 млн теңгенің көмегі көрсетіледі. Оның ішінде 4,1 млрд теңге - жергілікті бюджет және 1,5 млрд теңге - әлеуметтік бизнес жауапкершілігі аясында бөлінді», - деді С.Жақыпова.

Осылайша, бір жолғы материалдық көмекті жалпы 2,5 млрд теңге сомаға 268 мың адам алды, 2,1 млрд теңге 202 мың қарт азаматтың қоғамдық көлікте жеңілдікті жүруін қамтамасыз етуге бағытталған. Жеңілдікті дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді 115,2 млн теңге сомаға 36,2 мың адам алды, тағы да 603 млн теңге тұрғын үйді жөндеуге, отынмен қамтамасыз етуге және басқа да көмек түрлеріне жұмсалды.

С.Жақыпованың айтуынша, Қазақстанда жалғыз басты қарттарды және еңбекке жарамсыз азаматтарды әлеуметтік қолдауға әлеуметтік көмек бөлімшелерінің желісі құрылған.

«Бүгінгі таңда елімізде 343 үйде қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді, олар 35 мың жалғыз басты қарттарға көмек көрсетеді, олардың 26 мыңнан астамы - әйелдер», - деп мәлімдеді С.Жақыпова.

«1 қазан күні бүкіл әлемде Қарттар күні тойланады. Бұл дәстүрге айналған шара, бір айға созылады, қарттарға бір ай бойы ерекше құрмет көрсетіледі, қамқорлық көрсетіледі. Аталмыш күнді 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ жариялаған болатын. Жергілікті атқарушы органдар бүгін айлықты өткізудің жоспарын дайындады», - деді вице-министр.

С.Жақыпованың айтуынша, іс-шаралар жоспары бір кезекті материалдық көмек көрсетуді қамтиды, қайырымдылық акция ұйымдастырып, ардагерлерді салтанатты қабылдаудан өткізіп, спорт шараларын ұйымдастырады.

Айта кетейік, Қазақстанда жыл сайын 1 қазан күні Халықаралық қарттар күні тойланады. Мерекенің басты мақсаты қарт адамдардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады.

ДСӘДМ мәліметінше, бүгінгі таңда республикамызда 1 млн 950 мыңнан астам қарт адам тұрады.

Соңғы жаңалықтар