2015 жылы Қазақстанда жаңа автобустар үлесі артты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда автобус паркін жаңарту бойынша нақты жағдайлар жасалуда.
«Тасымалдаушылардың жылжымалы құрамын жаңартуының нақты шарттары заңнамамен бекітілген, оны сақтау шарты орындалғанда конкурссыз бағытта қызмет көрсету келісімі 10 жылға ұзартылады. Бұл шара тасымалдаушыларға ұзақ мерзімді несие және жаңа автобустарды сатып алуға лизингтік шарттарды рәсімдеуге мүмкіндік берді. Мысалға 2014 жылы 740 автобус, ал 2015 жылдың 9 айында 1000-нан аса жолаушылар көлігі сатып алынды», - делінген ҚР ИДМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Атап айтқанда, 2015 жылдың аяғына дейін Қазақстанда тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау және тариф түзудің ережелері жетілдіріледі. Сондай-ақ, тұрақты жолаушылар көлігі бағдарларында тозған автобустар үлесін 75 пайыздан 70 пайызға дейін қысқарту жоспарланған.