2015 жылы Қазақстандағы орыс мәдени орталығы 40 «ізгі істі» өткізуді жоспарлауда

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орыс мәдени орталығы 40 «ізгі істі» жоспарлап отыр. ҚазАқпарат тілшісімен осындай жоспарларымен бірлестік төрағасы Всеволод Лукашов бөлісті.

2015 жылы Қазақстандағы орыс мәдени орталығы 40 «ізгі істі» өткізуді жоспарлауда

«Ең алдымен, 20 жылдың ішінде Қазақстан аумағында ешқандай ұлтаралық жанжалдар болмағанын атап өткім келеді. Бұл әрбір ұлыс өзін еркін сезінетін диалог алаңын құрған біздің Президентіміз, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі. Әр ұлыстың мүддесін ескере отырып, 20 жыл ішінде біз елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтай білдік. Біз айналамызда қандай жағдайлар болып жатқанын көріп отырмыз. Бұрынғы КСРО елдерінің ішінде бізде ғана балаларымыздың бейбіт заманда өмір сүруіне барлық жағдай жасалып отыр», - деді В.Лукашов.

Бірлестік төрағасы биылғы жылы орталық мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек берумен айналысатынын және орыс және қазақ тілдерін тереңдете оқып-үйренуге, халықтарымыздың мәдениеті мен салттарын құрметтей біілуге баса көңіл бөлетінін айтты. «»20 ізгі іс» аясында біз 40 міндетті атқарып шықпақпыз. Сондықтан да осы бағытта бар күш-жігерімізді салып жұмыс істейміз. Біз өңірлердегі этномәдени орталықтармен тығыз байланыс жасап, орыс тілі фестивальдарын өткізбекпіз. Биылғы жылы Қызылордаға, Қарағандыға және Өскеменге шығуды жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылы 1 наурызда Мемлекет басшысының бастамасымен қоғамдағы тыныштық пен келісімді қамтамасыз ететін бірегей институт ретінде құрылған болатын. 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы болып жарияланды. Осы жылғы 6 ақпанда жыл шаралары ресми басталды.