11:13, 22 Ақпан 2016 | GMT +5
2015 жылы қазақстандықтар 658,1 млрд. теңге зейнетақы аударымдарын жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы жұмыспен қамтылған халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту деңгейі 6 млн. 68,3 мың адам болғанын, олар 658,1 млрд. теңге сомасында зейнетақы аударымдарын жасады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5%-ға артық, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.

БЗЖҚ-дағы жинақталған зейнетақы көлемі 2016 жылғы 1 қаңтарда 5,8 трлн. теңге болды, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28,3%-ға ұлғайды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің инвестициялық кірісі екі еседен астам көрсеткішке ұлғайып, 15,6%-ды (2014 г ж. - 6,3%) құрады.