14:09, 30 Мамыр 2016 | GMT +5
2015 жылы «ҚазТрансОйлдың» таза табысы 79 млрд. теңгені құрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы "ҚазТрансОйлдың" таза табысы 79 млрд. 642 млн. теңгені құрады. Бұл туралы бүгін "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының орынбасары Әсем Нүсіпова мәлім етті.

"2015 жылы "ҚазТрансОйлдың" таза табысы 79 млрд. 642 млн. теңгені құрады. Былтыр бұл көрсеткіш 57 млрд. 698 млн. теңге деңгейінде тіркелген болатын. Біріккен пайда 44 млрд 712 млн. теңге болды. Алдыңғы жылы ол 46 млрд 430 млн теңге болған еді", - деді ол Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Оның сөзі бойынша, 2015 жылғы дивидендтің жалпы сомасы 51 156 534 667 теңге деңгейінде белгіленіп отыр. Бұл "ҚазТрансОйл" компаниясының соңғы төрт жылда бөлген ең үлкен дивидендтер көлемі.