18:30, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
2015 жылы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,1 пайызға өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру бағасы 2,1 пайызға өсті. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мәліметтерге қарағанда, өткен жылда мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру пункттерін жалға беру бағасы 4,1 пайыз, өндірістік жайларды жалға беру 3 пайызға өсті.
«2015 жылы бағаның ең көп өсімі банк филиалдарына арналған орын-жайларды жалға беруге қатысты болып, бұл 6 пайызды құрады. Ал есепті кезеңде мейрамханаларды жалға беру 5,2 пайыз, өнеркәсіптік базаларды жалға беру 5,1 пайызды құрады. Сонымен қатар, көлік жуу орындарын жалға беру бағасы 3,2 пайызға, жер асты паркингтерін жалға беру 0,8 пайызға, дүңгіршіктерді жалға беру 0,1 пайызға төмендеген», - делінген баспасөз баянында.