2015 жылы күннің ыстығынан 1,2 миллион адам зардап шеккен

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-ның Табиғи апаттардың қауіпсіздігін төмендету бойынша Халықаралық стратегия мекемеаралық хатшылығы 2015 жыл - климатты бақылауға алған жылдар тарихында ең ыстығы болғанын мәлім етті.

 2015 жылы күннің ыстығынан 1,2 миллион адам зардап шеккен

Сарапшылар қазір жер бетіндегі табиғи апаттардың шамамен 90% климаттың өзгеруімен байланысты деген тоқтамға келді. Бұл жиырма жыл бұрын болған көрсеткіштерден екі есеге көп.

Халықаралық ұйымның жаңа баяндамасында 2015 жылы апаттардан 98,6 миллион адам жапа шеккендігі көрсетілген. Табиғи апаттардың 92 пайызы климаттың өзгеруі салдарынан болған.

Жаңа баяндамада аталып өтілгендей, өткен жылы табиғи апаттардан негізінен Қытай, АҚШ, Үндістан, Филиппин және Индонезияда көп тіркелген.

Су тасқынына байланысты апаттардан 27,5 миллионға жуық адам зардап шекті.

Еске сала кетсек, өткен жылы ауа райын бақылау тарихындағы ең ыстық жыл ретінде тіркелді. Аптап ыстықтан әлемде 1,2 миллион адам жапа шекті. Әсіресе Франция, Үндістан және Пәкістанда күн ерекше ыстық болды. Күн өтіп кеткен әрі ыстықты денсаулығы көтере алмаған 7 346 адам қайтыс болған.