2015 жылы Қытайда бала туу көрсеткіші күрт артпақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай 2015 жылдан бастап «Бір отбасы - бір бала» қағидаты жұмсартылғаннан кейін туу көрсеткіштерін ұлғайтуға әзірлік үстінде.

2015 жылы Қытайда бала туу көрсеткіші күрт артпақ

Келесі жылы ҚХР-да 2 млн. бала дүниеге келеді деп болжануда, деп хабарлады ВВС.

Бейжіңде дәрігерлер туу көрсеткіштерінің белсенді өскенін атап өтуде, таяу бес жылда «қосымша» 270 мың нәресте дүние есігін ашады деп күтілуде.

Өткен жылы Қытай ата-аналарының бірі отбасының жалғызы болатын болса, оларға екінші бала тууға рұқсат берген. Бұған дейін ата-аналарының екеуінің аға-іні, қарындастары немесе әпке-сіңлісі болмаған жағдайда ғана бірнеше бала тууға рұқсат етілген болатын. Ал бұл өзгеріс жас отбасыларды да, орта жастағыларды да қамтып отыр. Тіпті балалары есейіп кеткендер де екінші баланы дүниеге әкелуге құлшынып отыр.

Мемлекеттік отбасылық саясатқа енгізілген өзгеріс Қытайға төніп тұрған халықтың қартаю проблемасын шешетін болады.